9 мамыр күні "Жеңіс күні" мерекесі қарсаңында Айыртау аудандық ауруханасының медициналық қызметкерлері осы ұлы күнге арналған іс-шаралар өткізуде. 22 сәуірде қызметкерлер соғыс ардагерлерінің, тыл еңбеккерлерінің, жалғызбасты зейнеткерлердің және емделуге мұқтаж зейнеткерлердің жесірлерін қолдау жөніндегі іс-шараларға бір күндік жалақысын аудара отырып қайырымдылық сенбілігіне қатысты.
Өкінішке орай біздің ауданда ҰОС қатысушылары тірі қалған жоқ.
Аудандық емхананың, дәрігерлік амбулаториялардың медицина қызметкерлері тыл еңбеккерлеріне, жаппай саяси қуғын – сүргін құрбандарына, интернационалист-жауынгерлерге кешенді медициналық тексерулер жүргізеді. Тексерілгендердің барлығына ұсыныстар берілді, 1 науқас стационарға жатқызылды.
Айыртау аудандық ауруханасының ұжымы "Жеңіс лентасы" акциясына қатысты.
9 мамырда аурухана қызметкерлері Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қоюға қатысады.
Қараулар: 765