Диагностикалық және емдеу қызметтерін қамтитын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету диагностика мен емдеудің мерзімді хаттамаларына сәйкес жүзеге асырылады. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдардың қызметі тұрғылықты жері бойынша азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және медициналық ұйымды еркін таңдау құқығын ескере отырып, тіркеулер мақсатында аумақтық қағидат бойынша құрылады.
Аудандық емханада медициналық қызметтің келесі түрлері көрсетіледі:
1. Мамандықтар бойынша ересектерге амбулаториялық-емханалық көмек:
- Терапиялық;
- Хирургиялық;
- Акушерлік и гинекологиялық;
- Офтальмологиялық;
- Неврологиялық;
- Стоматологиялық (терапиялық, хирургиялық);
- Отоларингология;
- Дерматовенерологиялық;
- Онкологиялық;
- Физиотерапия;
- Уқалау
- Урология.
2. Мамандықтары бойынша балаларға амбулаториялық-емханалық медициналық көмек:
- Педиатриялық;
- Физиотерапиялық.
3. Бастапқы (дәрігерге дейінгі) медициналық-санитариялық көмек:доврачебная помощь;
- жедел медициналық көмек.
4. Диагностикалық:
Зертханалық диагностика (Жалпы клиникалық, биохимиялық, серологиялық, цитологиялық зерттеулер);
- Функционалды диагностика;
- Ультрадыбыстық диагностика;
- Рентгенологиялық диагностика;
- Эндоскопиялық диагностика.
5. Сараптамалық медициналық қызмет:
– Уақытша және тұрақты еңбекке жарамсыздық сараптамасы;
– Кәсіби жарамдылық сараптамасы (профилактикалық және мерзімді медициналық тексерулер).
Мемлекеттік қызметтер
"Жүре пайда болған иммундық тапшылық синдромының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталық"КМҚК ПКК және қан алу кабинетінің байланыс ақпараты мен жұмыс кестесі
Байланыс ақпараты:
пошта индексі: 150000
тел. / факс: +7 (715-2) 51-54-90
қабылдау бөлмесі тел.:+7 (715-2) 51-54-90
сенім телефоны:+7 (715-2) 51-47-32
веб-сайт: www.ocspid.sko.kz
электрондық мекен-жайы: skooc@rcaids.kz
мекен-жайы: Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қ., Тауфик Мұхамед-Рахимов атындағы көшесі, 27.
ПСК кабинетінің (психоәлеуметтік кеңес беру) және қан алу жұмыс кестесі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 8.00-ден 18.00-ге дейін
демалыс күндері сенбі, жексенбі.
2022 жылдың 12 айында Айыртау АА-да 65866 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:
Қағаз түрінде:
- 1. Стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді-көшірме беру — 2174;
- 2. Жедел медициналық көмек көрсету — 875;
- 3. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы Парақ беру-3196;
- 4. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін медициналық ұйымнан еңбекке уақытша жарамсыздық туралы анықтама беру-32;
- 5. Емделушілерге ауруханаға жатқызу бюросы арқылы тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мөлшерінде стационарға жатқызуға жолдама беру — 988;
- 6. Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту-435;
- 7. Көлік құралын басқаруға рұқсат беру туралы анықтама беру — 180.
- Электронды түрде:
9. Дәрігерге жазылу-57006;
10. Дәрігерді үйге шақыру — 980.