Қазақстанда қызылшамен сырқаттанушылық бойынша жағдайы күрделі күйінде қалып отыр
Қызылша - вирус тудыратын өте жұқпалы ауру. Қызылша вирусы жұқтырған адамның тыныс алуы, жөтелуі немесе түшкіруі арқылы оңай таралады. Инфекциясы ауыр ауруды, асқынуды және тіпті өлімді тудыруы мүмкін.
Қызылша аурулары Қазақстанның барлық өңірлерінде тіркелді. Оның деректері бойынша қызылша ауруының жоғары деңгейі Алматы, Шымкент, Жамбыл және Алматы облыстарында тіркелген.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше 2023 жылдың басынан бастап республика бойынша қызылшаның 12 671 жағдайы тіркелген, оның ішінде 10 563 науқас – 14 жасқа дейінгі балалар, 354 жасөспірім, 1754 ересек адам. 70% немесе 8866 жағдай вакцинацияланбаған балаларға тиесілі, оның ішінде вакцинациядан бас тарту себебінен – 5286, медициналық қарсы көрсетілімдер – 1555, егу жасына жетпеу – 1930, өзге себептер – 93. Тағы 16% немесе 2062 жағдай - вакцинация мәртебесі белгісіз адамдар.
Осыған байланысты бас мемлекеттік санитарлық дәрігері "Қызылшаға қарсы санитарлық-эпидемияға қарсы және санитарлық-профилактикалық іс-шараларды өткізу туралы" Қаулыға қол қойды.
6 қарашадан бастап қызылшаға, қызамыққа және паротитке (ККП) қарсы 6-11 айлық балаларға, желтоқсаннан бастап қызылшаның егу мәртебесіне қарамастан 2-4 жастағы балаларға қосымша жаппай иммундау (ДМИ) жүргізіле бастады.
Білу маңызды! Қызылшаның асқыну қаупі әсіресе нәрестелерге, ересектерге және иммунитеті төмен адамдарға әсер етеді.
Қызылша тыныс алу жолдарына әсер етеді, содан кейін бүкіл денеге таралады. Симптомдары: жоғары температура, жөтел, мұрынның ағуы және бүкіл денеде бөртпе жатады.
Қызылшаның алдын-алудың және оның берілуінің ең тиімді әдісі-вакцинация. Вакцина қауіпсіз және денеге вируспен күресуге көмектеседі.
Белгілері мен симптомдары
Қызылша белгілері әдетте вируспен байланысқаннан кейін 7-14 күннен кейін пайда болады. Қызылшаның ең айқын симптомы - айқын бөртпе.
Ерте белгілер әдетте 4-7 күнге созылады. Оларға мыналар жатады: мұрынның ағуы, жөтел, көздің қызаруы және көздің сулануы, щектің ішкі бетіндегі ұсақ ақ дақтар.
Бөртпе вируспен байланысқаннан кейін шамамен 7-18 күннен кейін пайда болады, әдетте бет пен мойынның жоғарғы бөлігінде. Ол шамамен 3 күн ішінде таралады, ақырында қолдар мен төменгі аяқтарда пайда болады. 5-6 күннен кейін бөртпе элементтері бозарып жоғалады.
Қызылшадағы өлім-жітімнің көпшілігі осы аурумен байланысты асқынуларға байланысты.
Қызылшаның асқынуы мыналарды қамтуы мүмкін:- соқырлық;
- энцефалит (мидың ісінуіне және церебральды бұзылулардың дамуына әкелетін инфекция);
- ауыр диарея және онымен байланысты дегидратация;
- құлақ инфекциясы;
- тыныс алудың ауыр проблемалары, соның ішінде пневмония.
Қызылшаның алдын-алудың және оның берілуінің ең тиімді әдісі-вакцинация. Вакцина қауіпсіз және денеге вируспен күресуге көмектеседі.
Өзіңізді және жақындарыңызды сақтаңыз!
"Айыртау АА " ШЖҚ КМК дәрігер эпидемиолог Аусатова Айнұр Ботажанқызы