Қолдау қызметі

Құрметті ем алушылар! Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI ҚРЗ Кодексінің 35-бабына сәйкес «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» «Айыртау аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-да науқасты қолдау және ішкі сараптама қызметі (НҚ және ІСҚ) құрылды.

Науқастарды қолдау қызметінің негізгі функцияларының бірі:

- науқастардың қауіпсіздігін, олардың құқықтарын іске асыруды және науқастарды қолдауды қамтамасыз ету

- халықтың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігін қамтамасыз ету;

- науқастардың мәселелердің (шағымдарын) «Осында және қазір» қағидаты бойынша пайда болуына қарай сол жерде шешу.

Егер сіз медициналық көмектің тәртібі мен сапасына байланысты мәселерге тап болсаңыз сіз осы тұлғаларға жүгіне аласыз:

- директордың м.а. Н.М. Таганиязов 8 715-33-20-6-95 телефоны бойынша хабарласа аласыз.

- директордың АМСК жөніндегі орынбасары Н.К.Сейткожина 87013289152 телефоны бойынша хабарласа аласыз.

- Науқастарды қолдау қызметі және ішкі сараптама бөлімі меңгерушісінің м.а Р.Ш. Шакишева 87771927213 телефоны бойынша хабарласа аласыз.

Объективтілік пен ашықтық қағидаттарын сақтау үшін Сіздің өтінішіңізді қарау тек уәкілетті арнайы комиссиясымен жүргізіледі және он бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жауап беріледі.

 

Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметі

Айыртау АА Пациентті қолдау және ішкі аудит қызметіне өтініштер бойынша есеп беру

2022 жылдың 12 айында 

2022 жылдың 12 айында пациенттерден 14 өтініш келіп түсті, оның 8-і Айыртау аудандық ауруханасы басшысының атына, 6-ы Пациентті қолдау және ішкі аудит қызметінің сенім телефонына өтініш түсті.

Өтініштердің құрылымы:

* 2-тегін дәрілік препараттармен қамтамасыз ету бойынша;

* 9-медициналық қызметтердің сапасыз көрсетілуі бойынша;

* 1-тегін қабылдаудан бас тарту;

* 2-МӘСК куәландыру бойынша.

Құрметті аудан тұрғындары, Сіздердің назарларыңызға "Айыртау ОАА" ШЖҚ КМК-да "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы"Қазақстан Республикасы Кодексінің №58 бабына сәйкес пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметі жұмыс істейтінін жеткіземіз.

Пациенттерді қолдау қызметінің функцияларының бірі медициналық көмек көрсету тәртібін бұзу фактілерін анықтау болып табылады.

Сондықтан сізде пациенттерді қолдау қызметіне жүгінуге барлық негіз бар, егер:

* медициналық көмек көрсету сапасына наразы болып қалды;

* тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде көрсетілетін медициналық қызметтер үшін медициналық персоналдың ақшалай қаражатты бопсалау фактісіне тап болды;

* немесе медициналық көмек көрсету тәртібі мен сапасына байланысты басқа да проблемалар туындады.

Объективтілік пен ашықтық қағидаттарын сақтау үшін Сіздің өтінішіңізді қарау тек уәкілетті арнайы комиссиямен және сіздің қатысуыңызда ғана жүргізіледі.

Пациенттерді қолдау және ішкі бақылау қызметіне Сіз № 11 кабинетке немесе 87153320685; 87013346446 телефоны бойынша — бас дәрігердің медициналық қызметтердің сапасы жөніндегі орынбасары Шакишева Раушан Шәріпқызына хабарласа аласыз немесе өтініш жәшігінде Толық аты-жөніңізді (ТАӘ) және байланыс деректерін (ұялы және үй телефонының нөмірі, тұрғылықты мекенжайы) көрсете отырып, жазбаша өтінішіңізді қалдыра аласыз, ол емханаға кіре берісте немесе электрондық пошта арқылы орналастырылған: airtau_rb@sqo.gov.kz

Пациенттерді қолдау қызметі Сіздің өтінішіңізді мүмкіндігінше қысқа мерзімде қарайды және күнтізбелік бес күннен кешіктірмей Сіздің өтінішіңізді қарау нәтижелері бойынша ақпарат береді.

Бұл бетте азаматтар "ҚР ДСМ СҚО әкімдігінің Айыртау ОАА" КМҚК қызметіне қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарын қоя алады. Сұрақтарды мына мекен-жайға жіберуге болады: aiyrtacrb_sko@mail.ru


coronavirusАкорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы