2024 жылғы 11 қыркүйекте Айыртау аудандық ауруханасы директорының м.а. Н.К.Сейткожинаның, аудандық емхана мен дәрігерлік амбулаториялардың учаскелік дәрігерлері мен орта медицина қызметкерлерінің қатысуымен «Алдын ала міндетті медициналық тексеруден өту» «Мемлекеттік қызмет көрсету» тақырыбында семинар өтті.
Дәрігер статистик Б. Ш. Коппергенова қолданыстағы НҚА-мен және оларға сәйкес мемлекеттік қызметтің осы түрін көрсету реттелетінгін таныстырып өтті. ҚР ДСМ 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ -131/2020 «Міндетті медициналық тексеруге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу қағидалары мен кезеңділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін бекіту туралы» бұйрығы нақты баяндалды. Жұмысқа орналасқан кезде алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулер және мерзімді міндетті медициналық қарап-тексерулер және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексеруден өту» мемлекеттік қызмет көрсету қағидалары жүргізіледі .
Қорытынды: мемлекеттік қызметті көрсетудің негізгі мақсаттары денсаулықты қалыптастыруға және нығайтуға, аурулардың және оның ішінде кәсіптік, уланулардың, жазатайым оқиғалардың таралуын анықтауға және алдын алуға бағытталған уақтылы медициналық тексеруді қамтамасыз ету болып табылады.
12.09.2024
Қараулар: 139
Қараулар: 139