Терапиялық бөлімше
Терапия бөлімшесінде 42 төсек орын орналастырылған, оның 38-і терапевтік және 4-і паллиативтік көмек төсегі.
Бөлімше меңгерушісі А.К.Есетова
Бөлімшеде қан айналымы, тыныс алу, ас қорыту органдары, эндокриндік жүйе, несеп-жыныс жүйесі, тірек-қимыл аппараты, жүйке жүйесі және т.б. аурулары бар науқастар ем алады.
Педиатриялық бөлімше
Педиатриялық бөлімшесінде 10 төсек орын жұмыс істеуде.
Бөлімше меңгерушісі М.С.Мұсаева
Бөлімшеде тыныс алу органдарының, жүрек-қантамыр жүйесінің, несеп-жыныс жүйесінің, ас қорыту органдарының және т. б. патологиясы бар науқастарға медициналық көмек көрсетіледі.
Хирургиялық бөлім
Хирургиялық бөлімшесінде 14 төсек орын орналастырылған, оның ішінде 13 хирургиялық төсегі ересектерге арналған және 1 отоларингологиялық төсек ересектерге арналған.
Хирург бөлімшесінің меңгерушісі И.А. Саттыбаев
Бөлімшеде оталардың келесі түрлері жүргізіледі:
- тамыр оталары;
- іш қуысы мүшелері;
- шұғыл түрде травматологиялық оталар.
Гинекологиялық бөлімше
Гинекологиялық бөлімшесінде ересектерге арналған 5 гинекологиялық төсек, соның ішінде түсік түсіру үшін орналастырылған.
Бөлімше меңгерушісі жоғары санатты акушер-гинеколог А. А. Баньковская
Бөлімшеде әйел жыныс мүшелерінің қабыну ауруларымен емдеу жүргізіледі, Келесі оталар жүргізіледі: жатырдың қынаптық экстрапциясы, жатырдың ампутациясы, кисталарды алып тастау.
Перзентхана бөлімшесі
Перзентханада 8 төсек орны орналастырылған. Бөлімше меңгерушісі жоғары санатты акушер-гинеколог Н.В.Иноземцева, бөлімшеде ана мен баланың бірге болу палаталары ұйымдастырылған.
Жұқпалы аурулар бөлімшесі
Жұқпалы бөлімшесінде 6 төсек орны орналастырылған, оның ішінде 4 инфекциялық ересектер және балаларға арналған 2 инфекциялық төсек.
Бөлімше меңгерушісі 1 санатты дәрігер инфекционист Д. М. Айтимбетова
Бактериологиялық зертхана
Зертхананың құрамына паразитологиялық зертхана кіреді, онда дәрігер –бактериолог С.Т.Сүлейменова жұмыс істейді, бір жыл ішінде биологиялық материалға 20000-ға жуық зерттеулер жүргізіледі, олардың нәтижелері облыстық ЖЖП зертханасымен толық расталады.
Қарқынды терапия палаталары бар, 1 санатты дәрігер анестезиолог – реаниматолог меңгерушісі Т.К. Қойшыбаев.
Патологоанатомиялық бөлімше
Бөлімше меңгерушісі жоғары санатты дәрігер-патологоанатом О.Н. Иноземцев
Бөлімшеде гистологиялық және цитологиялық зерттеулер жүргізіледі.