Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

Мемлекет басшылығы әлеуметтік саланың өзекті мәселелеріне үнемі көңіл бөледі. 2019 жылғы 2 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің Қазақстан халқына арнаған алғашқы Жолдауында денсаулық сақтау мәселелеріне назар аударып, нақты бағыттарды айқындады.

Бұл туралы ағымдағы жылдың 6 қыркүйегінде аудандық әкімдікте өткен кеңесте аудандық ауруханасының басшысы Тұрсынбет Ернар Ақбергенұлы аудан тұрғындары алдында өз баяндамасында айтты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы

Президент Жолдауын Талқылау

2019 жылғы 03 қыркүйекте Айыртау аудандық ауруханасының мәжіліс залында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындырлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» 2019 ж. 02.09. Жолдауы Айыртау аудандық ауруханасының ұжымында талқыланды. Аурухана басшысы Е.А. Тұрсынбет Президент айқындаған негізгі мәселелер мен міндеттермен және оларды шешу жолдарын таныстырды. «Ауыл – Ел Бесігі» арнайы жобасын іске асыру тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды, ол инфрақұрылымдық мәселелерді — көлік, сумен жабдықтау, газдандыру, мектептерді, ауруханаларды, спорт алаңдарын жөндеу және салу мәселелерін шешуді көздейді. Әрине, медициналық қызметкерлер тарапынан 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуі тиіс және де МӘМС-ды енгізу туралы мәселе назардан тыс қалған жоқ.

«Үкімет кезекті беделін түсіруді болдырмау үшін әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселесіне барынша жауапкершілікпен қарау керек. Бізде қате құқығы жоқ.», — деді Елбасы өз Жолдауында. Талқылау барысында жиналысқа қатысушылар бұл сөздер осы үдерістің өтпелі кезеңін табысты іске асыруға сенім білдіретінін айтты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы


Акорда Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі «БЖЗҚ» АҚ Antikor Премьер egovОфициальный интернет-ресурс Северо-Казахстанской областиӘділетruh.kzСолтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң денсаулық сақтау басқармасы